Қалыңдық құны «арзандады»

Қалыңдық құны «арзандады»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке провинциясы губернаторы және Сауд Арабиясы королінің кеңесшісі Халид әл-Файсал ханзада билік органына үйлену рәсіміндегі қалыңмал құнын шектеу туралы жарлық жіберді.

Бүгінде Сауд елінде тұрмыста болмаған қызға төленер қалыңмал құны 50 000 риал (13 000 доллар), ал жесір немесе бұрын тұрмыста болған, ажырасқан болса 30 000 риалға (8 000 доллар)  бағаланады.

Ата-аналар тарапынан талап етілер қалыңмал ақыларының жоғары болуына байланысты елде тұрмыс құрмаған әйелдер саны күрт артып кетті. Осы себептен көптеген ер азаматтар қалыңдықты шетелден алғанды жөн санауда. 2010-2014 жылдар аралығында тұрмысқа шықпаған саудиялық әйелдер саны 1,5 млн-нан 4 млн-ға жетті.

Ханзада Халид әл-Файсал Сауд Арабиясы губернаторлары мен билік өкілдерін елдің барлық өңірі үшін қалыңмал құнының шекті көлемін белгілеу мақсатында арнайы конференция өткізуге шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: