Әлемге танымал киноактер Джеки Чан қыркүйек айында «Кунг-фу Йога» атты соңғы кинотуындысын түсіру мақсатында Дубайға жол жүреді. Аталмыш картинаға сондай-ақ Болливуд жұлдызы Катрина Кайф та түседі.
Алғашқыда фильм толықтай Үндістанда түсіріледі деген жоспар болған. Алайда, қазіргі уақытта фильмннің кей көріністері Үнді жерінде түсірілгенімен, түсірілім тобы Дубайға келіп жетті.
Картинаның алғашқы бөлігі Қытай мен Үндістан үкіметі арасында Қытай президенті Си Цзиньпиннің Үндістанға келуіне орай жасасқан келісім негізінде Үндістанда өткен жылы түсіріліп бастаған болатын.