Кувейт Уақф министрлігі 15-тен астам имамды дін қызметінен аластатты. Құзыретті мекеме бұл имамдарға өз уағыз-насихаттарында дінаралық алауыздық тудырды деген айып тақты.
Соңғы он жыл ішінде Кувейт елінде орын алған терактілерден 27 адам қаза тауып, 227 адам жарақат алды. Осыдан келе әмірлік билігі Кувейт мешіттерінде имамдар қандай уағыз жүргізеді деген сауалға тіреліп, назар аударды. Осы мақсаттағы тексеріс нәтижесінде алдағы аптадан бастап мешіттердегі 15-тен аса имамдар қызметтен босатылатын болды.
«Министрлік мешіттер мен ондағы мінберлердің дінаралық араздықты тудырушы нысанға айналып, исламдағы әртүрлі бағыт өкілдерінің арасында алауыздықты күшейтуіне тоқтау қоюды дұрыс деп шешті. Осы талапты бұзған имам бірден дін қызметінен аластатылады» деп мәлімдеді ведомства өкілі.