Сенегал мұсылмандарының көшбасшылары барша халықты жаппай табиғатты көгертуге бағытталған «жасыл жиһадқа» шақырды және табиғат-ананы ластамай, құрметпен қарауға үндеді.
Жергілікті имам Юсуф Сар: «Исламда барлығы белгілі. Табиғаттың бұзылуына алып келетін кез-келген әрекет күнә. Осы жайлы біз адамдарға жеткізуіміз керек. Табиғат ластануы бұл тек біздің елде ғана емес, бәлки, барлық елде басты проблема. Сондықтан, біз мұсылмандар бұған бейқамдық танытпауымыз керек», дейді.
Осындай үндеумен Сенегал мұсылмандары көшеге шығып, көзге түскен әрбір қоқысты жинап, тазалық жұмыстарын бастап кетті.