Үндістанда жүргізілген зерттеу нәтижесі мұсылман әйелдерінің көп әйел алуға және ауызша үш рет талақ айту мәселесіне қарсы екендігі анықталды. Бұл елдегі әйелдер күйеуі ажыраса болса бір ғана ажырасу процедурасын – талақ-и-ахсанды жасассын деген пікір айтуда.
«Сауалнама мұсылман әйелдерінің жеке мұсылман ретінде құқығы қорғалуы керектігін көрсетеді» дейді «Бхартия Муслим Махил Андолан» ұйымының негізін қалаушы Нурджехан Сафия Нияз.
Ислам ұйымы жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, Үндістан мұсылман әйелдерінің 92,1% ауызша не сырттай талақ беруге, 91,2% -ы көп әйелділікке қарсы екендігі белгілі болды. Сондай-ақ 88% үндістадық әйелдер үш рет талақ етудің орнына бір рет қана айтып, ажырасуды жөн көреді.