Саудия мүфтиі: «ИШИМ» – исламға еш қатысы жоқ секта

Саудия мүфтиі: «ИШИМ» – исламға еш қатысы жоқ секта

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы мүфтиі шейх Абдел Әзиз бен Абдалла әл Шейх Саудияның ресми «Аль-Ахбарийя» телеарнасының тікелей эфирі арқылы Абха қаласындағы мешітте орын алған терактіні – қылмыс деп бағалап, оны ұйымдастырған ИШИМ лаңкестік ұйымының Ислам дініне еш қатысы жоқ, секта екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні Саудия әскери базасы аумағында жарылыс болды. Жанкешті лаңкес арнайы қызмет өкілдеріне арналған мешіт жанында өзін-өзі жарып жіберген. Уақиға бесін намазы уақытында болып, салдарынан 15 адам қаза тапты. 9 адам жарақат алды.

Абдел Әзиз бен Абдалла әл Шейх мүфти «Адамзат табиғатына да, дін қағидасына да жат бұл қылмыстық әрекет, құлшылық етіп жатқан адамды өлтіру – осыны жасаған адамдардың дінсіз екенін көрсетеді» деп мәлімдеді.  

Мүфти барлық дін қызметкерлерінен ИШИМ террористік ұйымының адамзат өміріне зияндылығын халыққа түсіндіріп, жастарды жат ағымнан қорғауға шақырды. 

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: