Үндістан мектептерінің бірінде мұсылман баласының индуистік әнді орындамауына қатысты шу шықты. Наушад Кашимджи есімді оқушыны діни әнұранды орындамағаны үшін мектеп директоры көпшіліктің алдына шығарып, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Бұл жас баланың санасына психологиялық соққы әкеліп отыр.
«Мен 1 200 баланың алдында төмендетілдім. Менің конституциялық құқығым аяқ асты болды. Директор бізді индуистік әнұранды орындауға мәжбүрледі» дейді Наушадтың өзі Hindustan Times-ке берген сұхбатында.
«Ол микрофонмен айғайлап тұрып, менің атымды атып, мен санкриттегі ән мәтінін дұрыс айта алмаған кезімде масқаралап, мұқатты» дейді Наушад.
Бұл уақиға Карнатака штаты Бангалор қаласында орын алған. Мектеп директоры Падмаджа Менон мұсылман оқушыларының индуиістік әнұранды айтпайтындықтарын байқап, оларды мәжбүрлеуге көшкен.
Директор жас балалардың берген түсініктемелеріне де, олар индуизм дінін емес, ислам дінін ұстанатындығын айтқанына да көңіл бөлмей, жазалауға бел буған. Енді осы дөрекілігі үшін директорға сот алдында жауап беруге тура келеді. Рухани қысымшылық көрген оқушылар осы іс бойынша құқыққорғау мекемесіне шағым түсірді.