Бұл 2014 жылы Израиль әскерінің қанқұйлы шабуылынан соң жетім қалған 22 жасқа дейінгі Палестина балалары. Оларға Қатар мемлекеттік қоры 10 млн доллар көлемінде қаражат бөліп отыр.
«Бағдарламаның басты мақсаты Газадағы жетім қалған балалардың мүмкіншіліктерін арттыру. Олардың дұрыс өмір сүруіне жағдай жасау, өмірлік арман-мақсаттарына жетуіне жәрдемдесу» дейді Қатар дамыту қорының бас директоры Халиф бен Джасем Аль-Кувари.
Қатар қоры тарапына бөлінген 10 млн $ садақа 2015-2018 жылдар аралығында 2,5 млн-нан жіберіліп отырады. Бұл әсіресе бабалардың білім алуына, мектеп қажеттіліктеріне, оқу құралдарына, киім-кешектеріне, сондай-ақ қоғамдық көлікке кетер шығынына арналмақ. Бұған қоса денсаулық сақтау, медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекке де жұмсалатын болады.
Қордың бұл бастамасы Палестинадағы жетім балалардың қоғамда өз орнын тауып, білім алып, қызметке орналасуына мүмкіндік береді дейді жоба жетекшілері.