Жас жұбайлар тойларын 4 000 босқынға арнады

Жас жұбайлар тойларын 4 000 босқынға арнады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Түркияда шаңырақ көтерген жас отау туған-туыстары мен жақын-жуықтарына арнап жасалар сән-салтанатты үйлену тойының орнына жергілікті лагерлерде паналап отырған сириялық мыңдаған босқындарға тамақ берді. Күйеу жігіт Әли Узумчуоглу мен оның қалыңдығы үйлену банкетіне жұмсалар қаражатты Сириядан келген 4 000 мұсылман бауырларына арнауды жөн деп шешкен.

Жас жұбайлар үйлену салтанатына сай әсем киімдерін киіп, өз қолдарымен босқындарға тамақ үлестіріп, қызмет атқарды.

«Біз осы бақытты күнімізде сириялық бауырларымызға да қуаныш сыйлап, үйлену тойы құрметіне ас беруді дұрыс санадық» дейді Әли.

Ол сондай-ақ осы бастамадан кейін өзге де Түркияның некесін қиған жас отбасылары өз тойларын Сириядан келген мұсылмандарға арнайтынына сенімді екенін де жеткізді. Ал тосыннан жасалған дастарханға келген сириялықтар жас жұбайлардың ықыласына разы болып, олармен естелікке суретке түсіп жатты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: