«Әл-Әзһар» ғұламалар кеңесінің мүшесі Махмуд Маһнә Махмудтің ИШИМ содырларына қатысты пікірі жарияланды.
«Шын мәнінде Ирак пен Сириядағы ИШИМ содырлары мұсылмандар қатарынан емес. Өйткені, әһли сүннет мұсылмандары еш уақытта бейбіт халықтың тыныштығын алып, оларға қарсы күш қолданбайды және Алла харам еткен қантөгіс әрекеттеріне бармайды. Міне, әһли сүннет мұсылмандарының сипаты осындай болмақ.
Бүгінде ИШИМ әһли сүннет атына өшпестей қара дақ түсірді, Алланың дінін қаралады. Исламды қантөгіс, бұзақылықты қолдайтын дін етіп көрсетті. Нәтижесінде, бүкіл әлем Ислам дінін теріс жағынан танып жатыр. Әсіресе, Батыс елдері Америка, Франция және Германия елдері көптеген мұсылмандарға қарсы көтерілістің, соның ішінде Мысыр елінде болған қантөгістерге себепкер болып отыр» дейді ол.