Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге де жазылып жатыр ма?

Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге де жазылып жатыр ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда: «كِرَامًا كَاتِبِينَ يَعْلَمُونَ مَا تَفْعَلُونَ – Сендердің не істеп отырғандарыңды құрметті жазушы періштелер біледі», - делінген[1].

Әлеуметтік желіде отырған адам әйтеуір бір нәрсе істейтіні анық. Біріміз жаңалық оқып отырсақ, келесіміз жолдастарымыздың бөліскендерін қызықтаймыз. Үшіншіміз, таныстарымен шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Бұның бәрі сол сәттерде істеліп жатқан іс-әрекеттер.

Тағы бір аятта былай дейді:

« مَّا يَلْفِظُ مِن قَوْلٍ إِلَّا لَدَيْهِ رَقِيبٌ عَتِيدٌ- Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы (періште) дайын»[2].

Әлеуметтік желіде жазғандарымыз - ауызбен айтқымыз келген сөздер екені мәлім. Демек, жазбаша түрде болса-дағы, айтқан сөздеріміздің бірі де қалмай амал дәптерге түсері анық.  

Пайғамбарымыз айтады: Жазушы періштелер тек үш жағдайда ғана, адамнан ажырайды: жүніп болған кезде, әжетханада және жуынып жатқанда. Қалған уақыттың бәрінде бізбен бірге.

Ендеше, әлеуметтік желіде де әрбір жазған сөзімізге мұқият болуымыз шарт, ағайын. Өйткені, ондағы жазғандарымыз амал дәптерімізге де жазылуда.

Әл-хамдулиллахи раббил аләмин.

[1] Инфитар сүресі, 9-10 аяттар.
[2] Қаф сүресі, 17-18 аяттар.

Абдусамат Қасым
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: