Халал-өндірісін қырғыз үкіметі бақылауға алмақ

Халал-өндірісін қырғыз үкіметі бақылауға алмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта Қырғызстанда халал өндірісіне қатысты түйткілді мәселелер көтерілуде. Бұл термин бүгінде елде шығарылатын кез келген тауардың жарнамасында кең қолданысқа ие болып отыр. Халал сөзі азық-түлік заттарымен қатар косметика, киім, тіптен балалар ойыншығына да телініп жүр.

Осылайша Қырғыз еліндегі халал өндірісі табысты әрі тез дамушы салаға айналып келеді. Дегенмен, адал сөзін өз мақсат-пиғылдарына пайдаланушы «күмәнді» өндіріс орындары да азаймай отыр. Олар халал стандартына сәйкеспейтін өз өнімдерін «Халал» белгісімен сатып, тұтынушылардың санасын сарсаңға салды. Осы келеңсіздіктерді реттеу мақсатында Қырғызстан Экономика министрлігі халал өндірісі мәселесін қолға алды.

Аталмыш министрліктің Техникалық реттеу және метрология басқармасы халал өндірісі секторының меңгерушісі Алмаз Қайырбековтың айтуынша, бұдан былай мемлекет өндіріс орындарына халал сертификатын беруде қатаң талаптар қояды. Экономикалық ведомства өкілі бекітілген нормалар қырғыз азаматтарына экологиялық таза халал өнімін беруге кепіл болатынын жеткізді.

«Біз осы тұжырымдаманы әзірлеу барысында бүгінгі қоғамның халал өнімдерін мемлекет тарапынан бақыланғанын қажет ететініне көз жеткіздік. Алайда, бұл ретте зайырлы қоғам қағидаларын да сақтауымыз керек. Ал негізгі тұжырымдама халал стандартына сай өнімдерге берілетін талаптарды айқындап, мұсылман қауымының талап-тілектеріне жауап бермек» деп түсіндірді ол.

А.Қайырбеков аталмыш тұжырымдаманың бүгінде дайындалып біткенін, ол бір жыл ішінде өз нәтижелерін беретінін де атап өтті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: