Оманнан келген 9 қажы ұмра құлшылығынан қайтар жолда қаза тапты.
Қажылық парыздарын орындап, үйлеріне бағыт алған қажылар мінген көлік жол апатына ұшырады. 34 адам жарақат алды.
Полицияның хабарлауынша, қажыларды тасыған автобус қарсы беттегі трактор көлігімен соқтығысқан. Жапа шеккендер эр-Рияд пен әл-Ақса емханаларына жеткізілді.
Жол-көлік уақиғасы туралы төтенше хабар түн жарымында түскен. Уақиға орнына дәрігерлер тікұшағы мен 7 жедел жәрдем көлігі келіп жетті. Ал әл-Ақсадан 24 медициналық бридага жөнелтілді.
e-islam


01 Сәуір 2026
13 Шавваль 1447

