Ыстықкөлде журналистермен бейресми кездеу барысында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ислам дініне «жүректегі жалғыздықты сейілту» үшін келгенін айтты.
«Мені тек сатып кетуі мүмкін адамдар ғана тастап кетпеді.Түрлі жағдайларды бастан өткердім. Тіптен, жалғыз қалған кезім де болды. Мен Құранды, Інжілді көп оқыдым. Буддизмді де оқыдым. Ал егер Құранға назар аударар болсақ, Ислам діні заманның бүкіл талаптарына, физика теорияларына толық жауап беретінін көреміз» дейді Қырғыз президенті.
«Жаным жалғыздықтан жапа шеккен кезім де болды. 7 сәуір күні мені тұтқынға алған кезде мен қолыма Құран кітабын алдым. 25 жыл отырсам осы кітапты түгел оқып, жаттап шығуға болады деп ойладым. Бүгінгі күннің діндегі басты қателігі – адамдар дінді Құдайдан тыс ұстағысы келеді» деп мәлімдеді А.Атамбаев «АКИpress»-ке берген сұхбатында.