Арктика мұсылмандары 23 сағат ораза ұстайды

Арктика мұсылмандары 23 сағат ораза ұстайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Канаданың Нунавут елді мекенінің халқы климаттың суығы мен рамазан айына қарамастан, жаппай бірлесіп мешіт тұрғызуда, - деп хабарлайды E-ISLAM. Олар бұл жылғы рамазанда 22-23 сағат ауыз бекітеді әрі жұмысқа кедергі келтірмейтін үйреншікті жағдай екенін айтады.

Нунавут елді мекенінің Ислам ұйымының бас хатшысы Мұхамед Хасан: «Жергілікті халық бір тәулік бойы ораза ұстайды. Климаттың салқындығына қарамастан олар күні бойы тірліктерін тоқтатпайды. Алғашында 23 сағат ораза ұстау мүмкін емес болып көрінетін. Ал, қазір Алланың қалауымен бұл үйреншікті жағдай болып кетті», деді.

Атап кетсек, Канаданың солтүстігінде орналасқан Нунавут елді мекенінеде кейде күндізгі уақыт 24 сағатқа дейін созылады. Жергілікті халық қандай да бір діни мекерелер мен намаз уақыттарын Мекке уақытымен байланыстырып отырады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: