"Тозақ қақпасы" табылды

"Тозақ қақпасы" табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғалымдар Аустралия жағалауынан ежелгі үлкен төрт жанартауды тапты. Жергілікті тілшілер оны "тозақ қақпасы" деп атады, - деп хабарлайды "Вести.ru".

Жанартауды Investigator зерттеу кемесі тапты. Жанартаулар Сиднейден 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Олардың жасы 50 миллион жыл шамасында. Жанартаулардың кратерінің диаметрі бір жарым шақырым жанартау теңіз деңгейінен 700 метр биіктікке дейін көтеріледі. 20 шақырым болатын жанартаулар тізбегі 5 шақырым тереңдікте жатыр.

Ең қызығы, ғалымдар жанартау емес, теңіз жәндіктерін іздеген көрінеді. Оңтүстік Жаңа Уэльс университетінің биологы, профессор Иэн Сатерс командасы "тозақ қақпасын" көрген кезде қатты таңғалғанын айтты. "Мен таңғалғаннан аузымды ашып қалдым. Сосын бірден айқайладым: "Олар мұнда қайдан жүр? Біз неге бұл туралы бұрын білмегенбіз?" Бұл біздің өз теңіздерімізден гөрі Айдың бетін көбірек білетініміздің дәлелі", - деді Сатерс.

Ғалымдар жанартаудың тектоникалық плиталардың қозғалысынан кейін пайда болғанын айтты. Жақын маңда басқа да жанартаулардың болуы ғажап емес.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: