Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Инстаграм парақшасында «Елбасының ауызашар кешінде» атты жаңалығын хабарлады.
«Ораза айы бұл – руханият, түсінушілік, ынтымақтастық, әділдік, бірлік қадiр-қасиетiнің сенім мектебі болып табылады. Ораза - адамдардың барлық жақсы қасиеттерін көрсететін рухани тәртіп. Ас беру – адамдарды біріктіруші сипат болып табылады. Сондықтан, әлемнің барлық мешітерінде ауызашар өткізілуде. Жаратқан иеміз баршамыздың тұтқан оразамызбен дұға-тілектерімізді қабыл етсін,» – дейді Ержан қажы Малғажыұлы.
«Баршаңызға жасаған намаз-ғибадаттардың, әрбір дұға-тілектердің, Алла үшін жасаған құлшылықтардың қабыл болуын тілегім келеді,» - деді Қазақстан Президенті Нұрсылтан Назарбаев ауызашар кешінде.
Ауызашар Астана қаласында өтті.
Қазақстан мұсылмандары 18 маусымда басталып, 17 шілдеде аяқталатын Рамазан айында ораза тұтып жатқанын еске салайық.
Hibatulla.kz


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

