Бангладеште будда ғибадатханалары Рамазан айы кезінде жүздеген кедей мұсылмандарға азық таратуда. Бұл Оңтүстік Азиядағы діндер арасындағы әлеуметтік үйлесімның сирек үлгісі болып табылатынын айта кету керек. Дакка қаласында Дхармараджика (Dharmarajika) ғибадатханасының мұсылмандарға ораза кезінде ауызашар үшін азық-түлік пакеттерін күнделікті бөліп таратулары, әлеуметтік желілерде хитке айналды.
«Буддизм адамзатқа қызмет етуді үйрететін дін. Біз тойымды тамақ сатып алуға жағдайлары жетпейтін кедей мұсылмандарды тамақтандырудамыз,» – дейді Саддхананда Махатхеру (Suddhananda Mahathero) ғибадатханың бас монахы. «Діндер арасындағы айырмашылық туралы ойламай ораза тұтқан көршілеріміз үшін құрмет пен махаббат таныту бұл – дінаралық келісімнің осындай тамаша үлгісі болып табылады,» – дейді полицей Асад Узман (Асад Uzzaman).
Мьянма шекаралас елдің оңтүстік-шығысында тұратын буддистер кішкентай қоғамдастық қана, ал Бангладештің 160 миллион тұрғындарының 90 пайызын мұсылмандар құрайтынын атап өткен жөн.