9 жастағы үнді баласы Сауд Арабиясында өткен халықаралық хафиздер байқауында үшінші орынға ие болды, – деп жазады исламньюс.
Үнділік жас мұсылман Құран оқу сайысында әртүрлі жастағы 2 000 бәсекелестермен сынға түсті. Бала үшінші орынға қол жеткізіп, алғыс хат және ақшалай 9 000 сауд риалын иленді.
«Ұлым, Әмір, 29 маусым күні Джиддадағы Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдель Азиздың ұйытқы болуымен өткен халықаралық Құран сайысында үшінші орынды иеленді», – дейді жеңімпаздың әкесі Мадья-Прадеш штаты, Үндістан, Мухаммад Раис Ратлам қаласының имамы.
Жас хафиз Құранның бүкіл мәтінін бар болғаны 1,5 жылда жаттап алғанын атап өткен жөн.
hibatulla.kz