Тайландта смартфондарға арналған жаңа қосымша іске қосылды. Аталмыш программа елге келуші мұсылмандардың қызығушылығын тудырды және алдағы уақытта жергілікті туризм индустриясының одан әрі дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Бұл туризм индустриясы Тайландтың ЖІӨ-нің шамамен 10% құрайтынын атап өткен жөн. Тайлық Туризм басқармасы бұл программа туризмнің дауына көмектеседі және көп қонақтардың қызығушылығына айналмақ. Әсіресе, Таяу Шығыс еліндегі туристтерден келушілер көбейеді деп күтілуде. Жаңа қосымша қонақтардың Тайландтағы намазханасы бар және халал мейрамханалары бар қонақ үйлер мен сауда орталықтарын табуға мүмкіндік береді. Қосымша ағылшын және тайлант тілдерінде Android және iOS платформасында қол жетімді. Сонымен қатар, программаны араб және бахаса (индонезия) тіліне аудару жоспарлануда, – деп жазады Муслимэко.
Бұл ИКҰ мүшелерінің қатарына кірмейтін мемлекеттер арасында, Тайланд, Сингапурдан кейінгі мұсылмандардың екінші ең танымал туристік бағыты екенін естеріңізге салайық.
Hibatulla.kz