Тербелмелі мұнарасы бар мешіттің жұмбағы әлі ашылмады (+ ВИДЕО)

Тербелмелі мұнарасы бар мешіттің жұмбағы әлі ашылмады (+ ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тегераннан 340 км оңтүстікте Загрос тау жотасының шығыс баурайында Ирандық қала Исфахан орналасқан. Бұл қалада XI-XIX ғасырдағы ислам сәулет өнерінің ескерткіштерінің көп бөлігі сақталған.

Қаланың екі тербеліп тұратын мұнарасы ең қызықты әрі көрікті ғимараттарының біріне айналды.

Загадка качающихся минаретов этой мечети не разгадана до сих пор (+ ВИДЕО)

Загадка качающихся минаретов этой мечети не разгадана до сих пор (+ ВИДЕО)

Бұл XIV ғасырларда бой көтерген Аль-Абдуллы мешіті. Ол тек Исфаханның ғана емес, бүкіл Иранның кереметі. Бір адам 6 метрлік кірпішті мұнараны қолымен итереді, сосын ол тербеле бастайды, ал екіншісі кейіннен өзінен-өзі алдынғы мұнараға серік боп қозғала бастайды. Қазір де Минар Джомбан – әлем саяхатшылардың  зиярат ететін жері. Сол себепті, бұл ғимарат үнемі арнаулы адамдардың көмегімен дірілдеп тұрады.

Загадка качающихся минаретов этой мечети не разгадана до сих пор (+ ВИДЕО)

Жарты сағат сайын ауысым бойынша 9 рет ғимаратты қозғалту қызметшінің міндетіне кіреді. Бұл оңай жұмыс емес, қажыр-қайратты қажет етеді. Жұмыстың басты міндеті дұрыс ырғақты ұстау. Тербелмелі мұнара амплитудасының ұшы 15-20 сантимертді құрайды. Көрермендердің тұжырымдауынша, қызметші бір мұнараны қозғалтқанда екіншісі артынша қозғалады. Адамдардың мұны байқауы үшін мұнараға қоңырау ілінген.  

Минар Джомбанның иілгіштігін түсіндіретін бірнеше болжамдар бар. Бір болжам бойынша, кірпіштің құрамында ерекше қоспа бар, сондықтан біраз уақыттан соң олар иілгіш күйге түскен.Тағы бір басқа болжам бойынша, құрылысшылар жер сілкіністерінен ғимаратты қоғау үшін кірпіштердің арасына ағаш сыналар қойған, сондықтан да олар иілгіш.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: