Мумбай жағалауынан жарты шақырым жерде Уорли сарқырамасында шағын арал бар. Жердің кішкене бөлігінде керемет ғибадатхана Хаджи Али Даргах мешіті соғылған. Ол қажылық жасау үшін өзінің бар дүние мүлкін таратып жіберген бай саудагер Сайеде Пир Хаджи Али Шах Букхаридің естелігіне салынған.
Меккеде жасаған қажылығынан соң Али Шах алға жылжуын жалғастырды және бірнеше ғажайыптар жасады. Оның құрметіне 1431 жылы мешіт соғылды.
5 ғасыр бойы бұл жерге тек қайықтармен жетуге ғана болатын.
Тек 1944 жылы мұнда иман келтіргендер өте алатындай жол салу мәселесі шешілді.
Жолды үнемі толқындар шайып кететіндіктен үнемі қайта-қайта жол жөндеу жұмыстары жасалады. Ал жаңбыр маусымы басталғанда (шілде-тамыз) адамдар мұнда кіруді тіпті ойына да алмайтында мешіт қақпалары жабылады.
Кейде толқынның ұзындығы бірнеше метрге дейін көтеріліп, адамды жолдан шайып кету қауіпі арта түседі. Соған қарамастан бейсенбі мен жұма күндері шамамен 40 мың адам мешітке келеді.
hibatulla.kz