Йемен мыңдаған жылдар бойы Таяу Шығыс, Африка және Азия тоғысында - «дәмдеуіштер жолында» орналасқан. Астанасы Сана әлемдегі ең көне қалалардың бірі болып табылады. Йемен - Араб түбегінде жалғыз республика, қалғандарының барлығы әмірліктер мен патшалықтар.
Қазіргі Йемен - Солтүстік және Оңтүстік Йемен арасындағы «бақытсыз неке» сынды. Солтүстік Йемен 1918 жылы Осман империясынан өзінің тәуелсіздігін алғанын жариялады. XIX ғасырда британдықтардың Аденнің оңтүстік жағалауында протектораттық орталығы болды. Британдықтар ол жерден тек 1967 жылы кетті.
Жиырма миллион адам Йеменді өз үйіміз деп атайды, алайда олардың жартысының жасы 15-те. Негізінен Йемендіктер олар - арабтар, бірақ түп тамырдағы ұлттар өздеріне Оңтүстік Азия мен еуропадан көшіп келген афро-арабтарды қосады. Халықтың тоқсан тоғыз пайызы мұсылмандар, ал қалған аз бөлігін яһудилер мен үнділер құрайды.
Йеменде бірнеше климаттық аймақтар бар. Жоғары тау сілемелері жағалау сызығымен параллелді түрде өтеді. Елді мекен су көзінің үлкен бөлігіне ие. Және Араб түбегінің ең құнарлы аймақтардың бірі болып табылады.
Бұл мейілінше, түсіне байланысты "айдаһар қаны" аталаты ағашы бар табиғатымен, жануарларымен мақтануға тұрарлық Сокотрдың атақты аралы.
Санадағы үлен мешіт Ислам әлеміндегі маңызды мешіттерден. Бұл б.з. VII ғасырында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) көзі тірісінде бой көтерген Ислам тарихындағы 3-ші мешіт. Бұрын оған тек Әл-Кұба мешітмен Мединадағы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешіті ғана салынған болатын.
hibatulla.kz