"Терең құдықтан" 20 мың адам өмір сүрген жерасты қаласы табылды.
Бұл тереңдігі 60 метрлік кешеннің сұлбасы, алайда бұл жер асты қалашығының жартысы ғана, ал қалғаны әлі қазылып бітпеді.
Жұмсақ жерде үй қазып алу жеңілге соққандықтан адамдар жер астына отбасымен тіпті үй жануарларымен және бүкіл дүниесімен орналасты. Деринкую құрылысы VII-VIII ғасырларда басталды және Византия кезеңінде кеңейтілді.
Бірінші сатыда атқора, қоймада жүзім сыққыш құрал орналасқан. Тереңірек тұрғын үй, асхана мен шіркеу.
Тұрғылықты тұрғындардың айтуынша үңгірді тұрғылықты тұрғын анықтаған. Ол өз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болғанда қабырғаны құлатып алады да, оның артындағы жерасты лабиринтіне апарар жолды көреді.
2014 жылдың желтоқсанында Невшехир қаласының тұсындағы қамалға құрылыс жұмыстары жүріп жатқанда тағы бір жерасты қаласы табылды. Археологтардың мәлімдеуінше көне қаланың жасы шамамен 5 мың жыл, жерасты көрмесінің ұзындығы 7 киллометр болса, аумағы 45 гектар. Жерасты қалашығының тазалу жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Islam-Today