Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Google компаниясы «Менің Рамазандағы серігім» атты жаңа бағдарлама ойлап тапты. Шығарушылардың айтуынша, программа жергілікті жердің маңызды жаңалықтарын хабарлайды, кеңес беруші мәзірін және басқа да мазмұндарды қамтиды, – дейді Google жөніндегі солтүстік Африка және Таяу Шығыстағы маркетинг меңгерушісі Зейн Камал Масри.
Программаны қолданушы оның тұрған жерінде күннің қашан бататындығы туралы мәлімет ала алады және өз күнін осыған байланысты жоспарлай алады. Жолдағы аялдамаларды біле алады, ауызашар беріліп жатқан орынды, ауызашарға арналған халал рецептерді беліп, оны достарымен бөлісе алады, YouTube сайтынан Рамазанға арналған материалдарды көре алады, –деп жазады Ансар.ру.
Сонымен қатар өнімде басқа пайдалы программаларға сілтемелер бар: Рамазанға арналған құттықтау қағаздарының өз талғамына сай безендіруге болатын дизайндар, сәресіне арналған үнбелгі, халал мейрамханаларды іздеу мәзірі.
hibatulla.kz