Уттар-Прадеш штатының астанасы индияның Лакнау қаласында мұсылмандардың арасында сөз болып жүрген «Жын мешіті» деп аталатын ерекше мешіт бар. Мешітке жауапты кісі Наваб Гаухар Аги Сахиб Пир Бабаның айтуынша бұл мұсылман ғибадатқанасында жын өмір сүреді, сондықтан да мешіт оның құрметіне аталған. «Бұл жын мешіті осында тұратын және мұсылмандардың тілеуін тілейтін Алланың жаратылыстарының бірі,» – дейді Пир Баба Hindustan Times –қа берген сұхбатында.
Мешітке кеп түскен 10 шақты хаттарда адамдар жыннан көмек сұрауда... Алдағы бір хатта бір фермашы жыннан өзінің буйволын тауып беруін өтініпті, сондай-ақ, оған үлкен үй мен қалың қолды ірі-қара малды сыйға тартатынын айтыпты.
Қасиетті Құранда жындар тұралы айтылғанын айтып өту керек. Алла Тағала «Әз-Зарият» сүресінің 56-шы аятында: «Мен жындар мен адам баласын Маған құлшылық ету үшін жараттым» дейді.
Ислам Алладан басқа қасиетті деп санайтын нәрселерге, әруақтарға табынуға, жалбарынып көмек сұрауына қатаң тиым салады. Біз тек Аллаға ғана құлшылық етіп, мойын ұсынуымыз керек!