Дохеде (Катар) қазіргі заманның сәулет өнерінің эталоны атанған жаңа мешіт соғылды. Ерекше мұнарасы, интерьер тұжырымдамасы, түсі мен көлеңкесінің келісімділігі және әлбетте алтынды араб жазуы. Оны туристтер мен қажылар шөл дала ортасына қонған ғарыш кемесіне ұқсатады.
Дохедегі ғибадат үйінің ерекше құрылысы 2013 жылда басалған. Бүгін де кешен көкке ұмтылуы және мешіт кеңістігі сынды екі ерекшелігімен көзге түседі.
Сәулеттің негізгі бөлшегі исламның негізгі бес парызын білдіретін араб графикасымен безендірілген бес үлкен баған болып табылады. Оның айналасында бір фонтанға құятын шараптан, сүттен, балдан және судан құралған жаннаттың 4 өзені секілді 4 ағын суы бар.
Мешіттің орталық ауласы каллиграфиялық және геометриялық өрнектермен әшекейленген.
Мешіттің екі мұнарасы ғимараттың шектеуі және олар оның бір жақ бетінде орналасқан. Олар өте биік соғылып, Мекке жаққа бағытталған. Құбыла бағытын көрсетіші мұнаралардың биіктігі шамамен 90 метрді құрайды.
Мешіт қабырғасында жазылған Құран аяттары алтынды мехрабқа қарай жинақталған.
hibatulla.kz