Лондондық мұсылман отбасы 100 жастағы еврейді асырап алды

Лондондық мұсылман отбасы 100 жастағы еврейді асырап алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Еврей Лилли 1939 жылы Германиядан Ұлыбританияға көшіп келген. Ол тұрмысқа шығып, қыз босанып, Лондонда 50 жылдан астам уақыт тұрды. Ол күйеуі қайтыс болғаннан соң соңғы 25 жыл жалғыз тұрды. Лилли 94 жаста болғанда Пәкістаннан 14 адамды құраған мұсылман отбасы көрші үйге көшіп келді.  

   Мұсылман Мұхаммедпен Шаминның 2 жасар қызы Ислам бірден көрші яһудиді «әже» деп атай бастады. Кейіннен отбасының ересек адамдары егде жастағы Лиллиге күнара барып тұратын болды. Оған үй шаруасымен көмектесіп тұрды деп жазады ИсламНьюс. Ер кісілері қарт яһудидің бақшасына қарайласты, ал Шамин мен қызы оған үйде пісірілген тәтті тағамдардан әкеліп тұрды. Сондай-ақ, олар Лиллидің қызымен телефон арқылы хабарласып, анасы туралы жаңалықтарды хабарлап отырды.

   Ол өзінің 100 жас мерейтойын ауқымды түрде атап өтті және қадірлі қонақтардың ішінде аталмыш үлкен мұсылман отбасы да болды. 26 наурызда 2015 жылы еврей Лилли 105 жасында дүниеден өтті. Оны екі отбасы жерледі – яһуди және мұсылман.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: