Рухани кемелділікке тәрбиелейтін кітап жарық көрді

Рухани кемелділікке тәрбиелейтін кітап жарық көрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, журналист-жазушы Қайсар қажы Әлімнің «Мекке, Мәдинам менің!» атты кітабы      жарық көрді.

Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Еңбекте автордың Мекке, Мәдинаға жасаған қажылық сапары, имандылық құндылықтарына негізделген ой-      пайымы, ішкі сезім-сыры баяндалады.

Кітаптың жазылуы туралы Қайсар қажының алғы сөз ретінде берілген «Жүрек сөзі» немесе жолай жоғалған жүгімнің        Алланың құдіретімен қолыма тұтастай табысталғаны туралы» атты түсіндірме жазбасында кеңінен айтылған.

Қажылықтан елге оралған кезде Астана  әуежайында қаламгердің қолына жүгінің бір бөлігі ғана тиеді. Ал жоғалған жүктің ішінде Құран кітаптары, Қағба бейнеленген кілемшелер, жайнамаз, тасбих   секілді сый-сияпаттары болған екен. Жанына батқаны – қастерлі мекенде шын ықыласпен жүргізген күнделік-қолжазбасы да сол қапшықтың ішінде кетуі еді. «Сол күнделік-қолжазбам қайтпағанда, бұл кітабым – қажылық пайымым қалай жазылар еді деп, күңіреніп, іле тәубеме келемін! Жазылар-ау, бірақ ізін суытпай дәптеріме түрткен, деректердің дәлме-дәлдігі, тулаған сезім ұшқыны, имандылық иірімі, тазарған жүрек сөзі, бәрі-бәрі айна қатесіз сол күйінде тіл ұшына оралар ма еді, оралмас па еді…» – деген қаламгер болған іске шүкіршілік айтады.

Жаңа туынды «Мекке» және «Мәдина» атты екі бөлімнен тұрады. Мазмұнын сапалы суреттер айшықтаған кітап оқырманын рухани кемелділікке тәрбиелейді. 

Ақпарат көзі: egemen.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: