Сауд Арабиясының валюта қоры қысқаруда

Сауд Арабиясының валюта қоры қысқаруда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының экономикалық ахуалы нашарлап барады. Елдің валюта қоры әлеуметтік шығындардың артуынан күрт қысқарды деп хабарлайды Астана арнасы.

Бұған мұнай бағасының құлдырауы мен әлемде қалыптасқан экономикалық ахуалдың да әсері бар. Елдегі орталық банк қоры ақпан-наурыз айларының көрсеткіші бойынша 5% қысқарды. Бұл шамамен 36 миллиард доллар, деп жазады Вести ру.

Сондай-ақ, қазынаның азаюына жаңа король Салман Әл Саудтың оңды-солды шашылуы да әсер еткендей. Ол өзінің таққа отыруына орай, 30 миллиард доллар көлеміндегі қаражатты сыйақы түрінде таратып жіберген.

Ал жыл басында Сауд Арабиясы мен Иран арасында жанжал туындап, арты Йемендегі соғысқа әкеп соқтырғаны белгілі. Корольдіктің әуе әскері Йеменнің шығысын басып алған хуситтердің көзін құртумен болды.

Мұнай бағасының құлдырауы кезінде әскери операциялардың жандануы елді шығынға батырды.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: