Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарналарының эфирінде Король Салман бин Абдул-Азиз Әл Сауд елдің жаңа мұрагер ханзадасын тағайындағаны туралы хабарлады. Ол - Сауд монархының жиені Мохаммед бин Найеф.
Жаңа мұрагер ханзада елдің ішкі істер министрлігін басқарады және «террорзиммен күрескер» ретінде танымал. Мохаммед бин Найеф өзінің туысқаны Мукрин бин Абдул Азиздің орнын басты. Соңғысы да өз тілегі бойынша елдің премьер-министрінің орынбасары лауазымынан кетті.
Мохаммед бин Найеф Сауд Арабиясының ІІМ басшысы болып қала береді және босаған премьер-министр орынбасарының орнын басып, сонымен бірге Корольдіктің қауіпсіздік кеңесінің басшысы болмақ.
hibatulla.kz