Назарбаев Қазақстан халқының алдында бесінші рет ант қабылдайды

Назарбаев Қазақстан халқының алдында бесінші рет ант қабылдайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Астанада 26 сәуірде өткен  кезектен тыс президент сайлауында қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінің салтанаты Тәуелсіздік сарайында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне үкімет мүшелері, парламент депутаттары, облыс әкімдері, Конституциялық кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанда тіркелген шеткелдік димломатиялық миссиялардың өкілдері және мәртебелі қонақтар қатысады.

Қазақстан президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев оң алақанын Конституцияға қойып тұрып, салтанатты түрде ант береді. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырады.

Салтанатты рәсім республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша Елбасыға 8 млн 833 мың 250 адам дауыс берген.

Айта кетейік, бүгінгі инаугурация – тәуелсіз еліміздің тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі. Қазақстан президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Сол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен еді. Ол уақытта мемлекет басшысы сайлаушылардың 98,7% дауысын жинап, жеңіске жетті.

Екінші ұлықтау рәсімі 1999 жылы 21 қаңтарда Астанада Конгресс-Холлда өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 80% дауысына ие болған еді.

Ал содан кейін 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен үшінші сайлаудың нәтижесі бойынша тағы да жалпыхалықтық қолдауға ие болып, 91,15% дауыс жинаған Қазақстан президентін ұлықтау салтанаты 2006 жылғы 11 қаңтарда Ақордада өткен болатын.

Ал төртінші инаугурация 2011 жылы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында өтті. 3 сәуірдегі президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысын жинап, сенімді жеңіске жеткен еді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: