Йемендегі оқиғаға байланысты Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарының ушығуына орай Иран елінің тұрғындары Мекке мен Мәдинеге қажылыққа баруды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Иранның мәдениет министрлігінен хабарлағандай, Сауд Арабиясына кіші қажылыққа немесе умра қажылығына баруға уақытша шектеуге наурыз айында Джиддада ирандық екі қажыға тиісті деген болжам себеп болған.
Осы мемлекеттің мәдениет министрі кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған соң ғана ел тұрғындарының қажылыққа баруы жалғасатынын айтқан.
Айта кетейік, жыл сайын шамамен жарты миллионға жуық ирандық Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барады екен. Алайда Йемендегі қарулы қақтығыс салдарынан Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы жағдай соңғы кездері ушыға түсті.
hibatulla.kz