ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы «Адай ата» кесенесі – Отпан тау шыңында «QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» еріктілерінің еліміздің батыс өңіріне арналған өңірлік форумы өтті.
Астана қаласынан арнайы іссапармен қордың Астана қаласы филиалы директоры Әли Әзімбекұлы барып, өңірдегі еріктілермен сұхбаттасты.
Форумға Атырау, Ақтөбе, Орал және Маңғыстау өңірінің еріктілері қатысып, қайырымдылық жұмыстарын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.