#Байзақ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

#Байзақ: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.

Айтулы шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, ауданға қарасты мешіт имамдары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрік Ермеков, аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серік Балабеков, мұқтаж отбасылардың балалары мен ата-аналары қатысты.

Бейбіт Әліпбекұлы жиналған бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа оқу жылына дайындық жасаудың маңызына тоқталып, былай насихат айтты: «Пайғамбарымыздың   хадистерінде  де  ілім  жайында  аз  айтылмаған.  Тіпті, Пайғамбарымыз   сахабаларына  ілім  алуды  өзі  бастап  үйреткендігін  тарихтан  білеміз. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) білім турасында машһур хадисте: «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», - деген, - деп оқуда озат болуға, білімді азамат болуға шақырды.

Облыс бас имамы, аудан бас имамы мен ардагерлер бүлдіршіндерге мектеп сөмкелерін табыстады. Шараға 30 отбасының балалары қамтылып, мектепке керекті сөмке, сызғыш, қалам, күнделік дәптер және қаптағыш берілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: