Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны келтірілген:
«Кімде-кім «Ықлас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін айтса, барлық ауыртпалықтардан қорғалады».
Абдулла ибн Хубейб (р.а.) бір жаңбырлы қараңғы түні Пайғамбарымызды (ﷺ) іздеп, оны тапқанын айтқан. Алла Елшісі (ﷺ) оған: – Кул (айт), - дейді. – Нені айт? – деп сұрайды Абдулла ибн Хубейб (р.а.). – Ертеңгілікте үш реттен «Ықлас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін айт. Бәріне осы жеткілікті болады. Мұндай өсиетті Пайғамбарымыз (ﷺ) тек Абдулла ибн Хубейбке (р.а.) қана айтпаған. Бұл сөздер Қиямет күніне дейінгі күллі мұсылмандарға айтылған.
… Ібіліспен күресе алмай жүріп, біз Алла Тағалаға сиынуымыз қажет. «Ықылас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелерін толықтай үш рет айту керек. Мұны айтып отырғаным, бірде мынандай жағдай болған, бір адамға қырық бір рет «Иасин» сүресін айтсаң, Алла оңдап, ісің сәтті болар деген екен. Қазіргі кезде тіпті біз адамдарға мұндай көлемдер туралы айтпаймыз да, бірақ сол кезде оған осылай жасауға кеңес берілген екен. Бірнеше күн өткен соң әлгі адам келеді, одан сұрайды: – Қалай, бәрі болды ма? – Жоқ, көмектеспеді. Қырық бір рет «Иасин» деп айттым, бірақ ештеме болмады. – Сен «Иасинді» қалай айттың?
– Солай: «Иасин, Иасин, Иасин…», - деп қырық бір рет айтым деген екен. Осындай түсінбестіктер болмас үшін, біз осы үш «Кул...» сүрелерінің әрқайсысын үш реттен айту керек дейміз.
«Миркат» кітабында, «Мишкат» жинағына түсініктемеде Әли Кари, оған Алланың рақымы болсын, осы сүрелер барлық жамандықтардан қорғауға жеткілікті деген. Сонымен бірге, ол былай деп қосады, егер адамның уақыты болмаса, бұл әрекет өзге жағдайда оқылар барлық басқа қосымша мәтіндердің орнын басады. Менің ұстазым шейх Хаким Мұхаммед Ахтар әлемнің қай нүктесіне бармаса да, күнделікті осы үш «Кул...» сүрелерінің айтылуына ерекше көңіл бөлген, көбіне таң және құптан намаздары уақытында. Шейх мұны сиқырдан, сиқыршылықтан, Ібілістің залалынан және жеке нәпсіден, сондай-ақ, мүмкін болған барлық кесірден, жамандықтан, жаппай таралған бүліктен қорғаныш деп айтады. Сондықтан да осы үш сүрені адамның өміріне қатысы бар сыртқы және ішкі мәселелерден оқу керек. Жауыздық, бұзақылық пен залал тек қана Ібіліспен ғана таралмайды, сондай-ақ, ол елеулі ықпал еткендермен де таралады. Басқаларға жауыздық пен залал тигізуде олар да едәуір рөл ойнайды. «Кул...» сүрелерінің айтылуынан пайда көру үшін, міндетті түрде оларды адал ниетпен, нық сеніммен айту керектігін атап өткен жөн.