Бүгін қысқаша жаман түстер тақырыбын қозғап өткелі отырмыз. Жаман түс көрген адамдар қатты алаңдайды, әсіресе қазіргі кезде көбісі түстерінде шабуылдарды, ұрлап кетулерді, өлтірулерді көреді. Бұл көбіне «әл-хулм» түстер, яғни Шайтанның ықпалымен болған жаман түстер немесе «хадис-ун-нафс», яғни күні бойғы ойлар мен оқиғалардың көрініс беруі. Соған ұқсас оқиғалар туралы жаңалықтарды тыңдаймыз, оқимыз, сондықтан да түстеріміз де сондай сипатта болады. Дегенмен, кейде мұндай түстер біздің нәпсіміз бен Шайтанның бізді ұстап алғанын білдіруі мүмкін.
Жалпы айтқанда, ұрлап кету туралы түс көргенде, бұл нәпсі мен Шайтан бізді тура жолдан тайдырады дегенге сену керек. Не болмаса да, әдетте түстер – бұл тек күні бойы болған сөздер, ойлар мен әрекеттер ғана. Мысалы үшін, егер шаштараз біреудің шашын алып жатқанын көрсе, бұл нені білдіреді? Бұл ештемені де білдірмейді. Ибн Сирин, танымал түс жорушы, былай жазған, егер адам ас толы асқазанымен ұйқыға жатса немесе оның іші қатып қалса, кейде бұл да жаман түстердің кіруіне әкеліп соғады. Түс жорушы адамның қандай себептермен түсін көргенін анықтайды. Сондықтан кейде мен адамдарға олардың түстері, оларға іш жүргізетін дәріні ішу керектігін білдіретінін айтамын.
Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан, жаман түс көрген адам тұрсын да сол жағына «ту, ту, ту» десін. «Ту, ту, ту» расымен түкіру керек екендігін білдірмейді, жай ғана түкіргендегідей дыбыс шығарыңыз, сосын былай айтыңыз «А’у́зу билля́хи минащ-щайто́нир-раджи́м», бір бүйіріңізге бұрылып, әрі қарай ұйықтаңыз.
Егер осылай жасалса, Алла оңдап, түс ешбір зазалын тигізбейді, ақыр соңында, не болуы керек болса, сол болады. Кейде түсте болар нәрсеге деген кішкене ғана ишара болады. Ол да үнемі емес. Жалпы айтқанда, адамға жаман түс кірсе, оны қатарынан бәріне айтудың қажеті жоқ. Әлбетте, кейде түсте игі хабар немесе Алла Тағаланың азабынан құтылуы үшін адамға күнәларын тастау керек деген ескерту де орын алып жатады.