#Меркі ауданы: Жаңа қызметкер тағайындалды

#Меркі ауданы: Жаңа қызметкер тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітіне жаңа қызметкер тағайындалды. Аудан бас имамы Азамат Берікұлы жаңа наиб имам Пирназаров Бауыржанды ауданда қызмет етіп жатқан имамдарға таныстырып, артынша орталық мешіт жамағатына таныстырды.

Пирназаров Бауыржан мектеп жасынан ауданға қарасты «Жүніс молда» мешітінде діни білім алған. Бүгінде Пирназаров Бауыржан Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 2023 жылғы түлегі. Биыл бітіріп ауданға, өз жеріне қызмет етуге келіп отыр. Алла Тағала ниетін қабыл етіп, қызметінде абырой берсін.

Айта кетейік, «Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастан бастаған, Халыллаев Тойлыбай ұстаз қоштаған мешіт қызметкерлері осыған дейін бірнеше шәкірттер дайындап, алды Елімізге қарасты діни оқу орындарын бітіріп, ауданға қызмет етіп жатса, арты діни оқуларын жалғастыруда.

Алла Тағала ұстаздық етіп жатқан «Жүніс молда» мешіті қызметкерлерінің дін үшін істеп жатқан еңбектерін сауаптан жазғай!

Сонымен қатар, 2023 жылғы «Нұр-Мүбарак» университетін бітірген 4 түлек қызметке қабылданды. Оның ішінде 1 шәкірт ұл бала, 3 шәкірт қыз ұстаздар!

Алла Тағала дін жолында қызмет етіп жатқан имамдарымызды және дін жолында білім алып жатқан барша шәкірттерімізді өз панасына алсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: