#Қордай: Аудан бас имамы өңір қарияларының батасын алды

#Қордай: Аудан бас имамы өңір қарияларының батасын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев ауданға қарасты ауылдардағы би, ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелерін, ауданның құрметті азаматтарын мешітке жинады. 

Атап айтсақ шараға, Қордай аудандық Ардагерлер кеңесінің, Степной ауылдық, Әлжан ана ауылдық, Сарыбұлақ ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен  мүшелері және Степной ауылдық Билер кеңесінің төрағасы, журналистика саласының ардагері, спорт саласының ардагері арнайы шақыртумен келіп қонақ болды. 

Бас имам қарияларға дастархан жайғызып, тілдесіп, көпті көрген ақсақалдар жаңадан қызметке келген имамға батасын берді. "Батаменен ел көгерер" демекші, әрбір қарияның батасын жеке-жеке естіп,  жылы лебіздерін қабыл алды.

Бас имам құрмет ретінде қарияларға шапан жауып, бағалы сыйлықтарды тарту етті. Атадан бата сұраған ауданның Бас имамының мұндай тәрбиесіне разы болған ақсақалдар әрқашан қолдау білдіретіндерін жеткізді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: