#Қордай: Сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран сайысы өтті

#Қордай: Сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Қордай" аудандық мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы Қордай өңірінің Әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен жаздық сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында "Кітабым - Құран" атты жарты парадан Құран жарысы өтті.

Білім сайысы жаздық діни сауат ашу курсының 1,2,3 топтарының жас ерекшелігі бойынша қатысуымен жасалды. Шараға мешіт ұстазы қазылық етіп, қыздардың жаттау қабілетін, дыбыстауын, тәжуидін тексерді. 

Жарыс қорытындысы бойынша:

1-топтан:
1-орын Уразбек Робия;
2-орын Токтанаева Алина;
3-орын Ендірбай Жансая.

2-топтан:
1-орын Сабырқұл Адия;
2-орын Нұлболатқызы Сумая;
3-орын Оразалы Аида.

3-топтан:
1-орын Сыздыкова Нурниса;
2-орын Бекболат Айсана;
3-орын Жүсіп Көркемай иеленді. Мұндай әдіс арқылы ұстаз қыздардың Құран жаттауға деген ықыласын және қайталауын жатсартуды көздеп отыр.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: