#Меркі ауданы: «Имани жаз» шәкірттеріне сыйлық

#Меркі ауданы: «Имани жаз» шәкірттеріне сыйлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен «Имани жаз» жаздық сауат ашу курсы басталған болатын.

Меркі ауданына қарасты «Меркі ата», «Жақсымбет» және «Жүніс молда» мешіт қызметкерлері «Имани жаз» сауат ашу курсына қатысып жатқан шәкірттер дәрістен зерігіп кетпеу үшін спорттық іс-шаралар, тәтті сусындар мен тәтті нандар және балмұздақ таратып көңілдерін аулауда.

Осы игі іске қолдау көрсетіп жатқан мешіт қызметкерлері мен кәсіпкер бауырларымызға алғысымыз шексіз.

Алла Тағала амалдарымызды қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: