#Байзақ: МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы аудандық кітапханада өткізілген Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты семинарға қатысты.

Семинарға аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамдары, аймақ жетекшілері, кітапхана ұжымы және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, артына өшпес мәңгілік мұра қалдырған қаламгер, жиырмасыншы ғасырдың басында әдебиет көгінде жарқырай  жанған  жұлдыздарымыздың бірі Жұмабаев Мағжан Бекенұлының биыл дүниеге келгеніне 130 жыл толып отыр.

Мағжан – өз жерін де, өз тегін де  мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, асыл маржанға теңелген сұлу лирикалық жырларымен  оқырманын еліткен халқының  дара перзенті, сыршыл да өршіл маржан  жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл болмысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып, құбылмалы өмір күйінен өз әуезін таба білген, көрнекті  ақын болған», - деп, Мағжан Жұмабаевтың «Тәңірі» деп аталатын өлеңін оқыды.

Шара соңында кітапхана қызметкері семинарға қатысушыларға Мағжан Жұмабаевтың жазған еңбектерін таныстырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: