#Шу: Жазғы сауат ашу курсы басталды

#Шу: Жазғы сауат ашу курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінде "Имани жаз - 2023" Жазғы сауат ашу курсы басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстаздары Лаззат Маханбетова мен Сәуле Нұрсұлтанқызы бастаған ұстаздар мектеп жасындағы қыз балаларға дәрістер жүргізеді. 

Құран Әліппесі, иман негіздері, ғидабат, мұсылман әдебі, ислам тарихы сынды пәндер бойынша білім алады. Бүгінде шәкірттер жас мөлшеріне қарай топтарға бөлініп, дәрістер басталып та кетті. 

1 айға созылатын курсқа мектеп оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша жазылған болатын.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: