Мәдинадағы Пайғамбар мешіті биыл ислам күнтізбесі бойынша 200 миллионнан астам мүмінді қабылдады. Ислам күнтізбесі бойынша жаңа жыл шілдеде басталады, ал Сауд Арабиясының билігі өтіп жатқан 1444 жылдың қорытындысын шығаруда.
Хижраның 1444 жылғы мұхаррам айы басынан бері Пайғамбар мешітіне 200 миллионнан астам адам келді, деп хабарлайды IslamNews ArabNews-ке сілтеме жасап. Жылдың қалған уақытында бұл көрсеткіш айтарлықтай өседі деп күтілуде – 2022 жылы корольдік билігі көптен бері алғаш рет қажылыққа барушылардың санын шектеуге кіріспеді.
2019 жылы коронавирустық пандемия басталғанға дейін 2,5 миллионнан астам мұсылман қажылық парызын өтеген. Одан кейінгі жылдары қажылық карантиндік шектеулерге байланысты шектеулі форматта өтті.