#Меркі ауданы: Имамдар жиыны жасалды

#Меркі ауданы: Имамдар жиыны жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауыл имам-молдаларымен жиналыс жасалды.

Жиналыста сөз сөйлеген бас имам ауыл имам-молдаларына осы аудандағы діни тұрақтылық үшін атқарып жүрген қызметтері үшін алғысын білдірді. Сөзін ары жалғап, Тараз қаласында өткен конференцияның жағымды жақтарымен бөлісіп, таңдасынысын жеткізді.

Жиында бірқатар мәселелер көтеріліп, имамдарға тапсырма берді. Атап айтсақ, алдағы жаз айларын тиімді пайдаланып, имамдар дәріс беріп немесе арнайы медреселерден шәкірттер алдырып, шәкірт тәрбиелеу, мешіттің ішкі сыртқы тазалығын қамтамасыз ету, мешіттің тұрақтылығы мен жамағаттың ауызбіршілігіне қызмет етуді тапсырды.

Жиын соңында имамдар арасындағы ақсақалдарымыз дұға жасап тарқасты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: