Алматы: Қыздар арасындағы Құран байқауына іріктеу өтті

Алматы: Қыздар арасындағы Құран байқауына іріктеу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқаудың іріктеу кезеңі өтті. 

Алмалы ауданы «Төле би» мешітінде Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына Алматы қаласы бойынша іріктеу кезеңі тартысты өтті. Құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған сайысқа жалпы саны 21 қыз қатысты. Жарысқа түсіп, жүзден жүйрік шыққан қыздар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде:

30 пара бойынша;

1-орын Күлмахан Айданаға  (200 000 тг ) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына жолдама.

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын Сейітқасым Жанел (150 000 тг.) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына жолдама.

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын Абдулла Сара (100 000 тг.) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына жолдама.

2-орын Равшанбекова Зейнеп  (70 000 тг.)

3-орын Пархатова Шахризада (50 000 тг.)

Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын Ботағазы Айша (70 000 тг.) және Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына жолдама.

2-орын Әбдірахман Арайлым (50 000 тг.)

3-орын Малянщи Асия (30 000 тг.) және тағы бір

3-орын Елдосова Зейнепке (30 000 тг.) бұйырды.

Құран жаттап сайысқа қатысқан барша қари қыздарға алғыс айта отырып, ендігі Алматы қаласында 5-6 маусым күндері өтетін Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІІ республикалық байқауына жолдама алған қыздарға сәттілік тілейміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: