#Байзақ: НАИБ ИМАМ БЕСІН ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ БЕСІН ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің жамағаты облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлының бесін намазы алдындағы насихатын тыңдады.

Ғалымбек Төлегенұлы насихатында: «Сәлем» Алланың көркем есімдерінің бірі. Сәлемдесу Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) сүннет болған қайырымды амал.

Ата дінімізді ардақтаған ата-бабаларымыз да кездескенде «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып екіншісі «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қайтарып амандық сұрасуды алдыңғы орынға қойған. «Сәлем – сөздің анасы» деген халқымыз аузыңнан шығар алғашқы сөзің амандасу болсын дегенді меңзеген. Біздің бүгінгі күні «салам», «сәлем», «саламалейкум» деген сөздің түп-төркіні осыдан шығып отыр.

Амандасудың парыз екені айқын, ал ол неліктен айтыуы керек, оның мәнісі неде, бұл сөздің артындағы сауаптарын біреу білсе, біреу білмейді. Күнделікті өмірде бірнеше рет қайталайтын осынау сөзді айтқанымыз үшін мол сауапқа кенелудеміз», - деді.

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: