Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазына жиналған жамағатқа уағыз айтты. Аталмыш уағыз «ұрпақ тәрбиесі» турасында өрбігін болатын. Әрине, бала тәрбиесінің сан-қырлы жолдары көп. Айталық, балаға мейлінше сүйіспеншілікпен, мейірім-шапағатпен, ыстық ықыласпен қарау. Ата-ана кез келген жағдайда өзін-өзі ұстай білу, сабырлы болып, үлгі көрсету. Әсіресе, ата-ана балаға жалған сөйлемегені жөн. Сонымен қатар ата-ана әрдайым өз перзенттері үшін игі дұғада болу.
Олардың тәрбиелі, салиқалы болуы ата-анасының дұғасына тікелей қатысты. Алла Тағала баршамыздың шаңырағымыздағы ұл-қыздарымызды тура жолда тәрбиелеуге күш-қуат берсін! Оларға ізгі тәрбие беру жолында жәрдемдесетін бізге ізгі жұбайлар нәсіп етсін. Салиқалы жандардан болуымызға өздерімізге тақуалық, білім және сабыр берсін деп сұраймыз!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі


05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

