Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітін зерделеді.
Ауыл молдасы Мамбетназаров Болат осы уақытқа дейін атқарылған мешіт жұмыстарын айтып өтті.
Аудан бас имамы мешіт кітаптарын, мешіт тазалығын, мешіт жанындағы дүкен жұмысы, бейне бақылау камерасының жұмыс істеп тұруын және дәретхана тазалықтарын тексеріп, бір қатар тапсырмалар берді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі


15 Қаңтар 2026
26 Раджаб 1447

