Жамбыл ауданы Ш.Ниязбеков ауылында «Қырықбай Өксікбай» мешітінің имамы Қазбек Сентябрұлы мешіт жанынан өз қаражатына қызметтік үй салды.
Аталмыш баспананы ҚМДБ-ның құрамына өткізген ауыл имамының бұл игі ісіне Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы келіп, өз ризшылығын айтып, алғыс хат табыс етті. «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында аталған баспана 658- ші болып тіркелді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі



28 Қыркүйек 2026
15 Раби-сани 1448

